Алматы маңында жүк көлігі қағып кеткен 3 жастағы бүлдіршіннің жағдайы орташа ауыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Қарасай аудандық орталық ауруханасына жатқызылған баланың миы шайқалып, түрлі дене жарақаттарын алған. Қайғылы жағдай кеше Қарасай ауданына қарасты Жамбыл ауылында болды. Жүк көлігі әкесі мен екі баласын қағып, кесірінен 53 жастағы тұрғын мен 9 жастағы баласы оқиға орнында көз жұмды. Ал 3 жастағы бүлдіршін аман қалып, дереу ауруханаға жеткізілген. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алтай Достияров, Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасының бөлім меңгерушісі:
Қасанов Мико 28 маусым күні ауруханаға түсті. Жабық ми жарақаты деген диагноз қойылған. Қазіргі жағдайы орташа қалыпты. Аурухананың жарақат бөлімінде жатыр.
Ал Түркістан облысында жеңіл көлік жүргізушісі бес жасар баланы қағып кетті. Кентау қаласындағы көшелердің бірінде ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Сол кезде жеткіншекті соғып кеткені белгілі болды. Бала дене жарақатынан сол жерде көз жұмған. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Жазира Оразқызы