Елдегі эпидахуал қайта ушыға бастады. Қазір қызыл аймақта 5 өңір тұр. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. Ал, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау облыстары қауіптің орта деңгейінде. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.
Соңғы тәулікте тағы 1321 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 2 адам шалдығып, 3 науқас қайтыс болған. Бүгінде 24 мыңнан астам адам емделіп жатыр, олардың 485-інің жағдайы ауыр. Ал, екпе алғандар саны 3 млн 246 мыңнан асты.
Амангелді Сейітхан