Субсидиялар беру талаптары оңтайланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Субсидиялар беру талаптары оңтайланады

29.06.2021

Субсидиялар негізгі ауылшаруашылық өнімдерге ғана бөлінеді. Бұл ақпаратты бүгін жемқорлыққа қарсы агенттігі жанынан құрылған арнайы топ өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, ауылшаруашалық тауарларының 70 пайызын кішігірім шаруашылықтар өндіреді. Алайда, шағын шаруалардың көбісі мемлекеттік субсидияларды ала алмайды. Себебі кадр жоқ. Енді шағын шаруаларды артық қағазбастылықтан арылту көзделіп отыр. Сонымен қатар, 30-дан астам субсидияның түрі 17-ге дейін оңтайланады. Нәтижесінде кішігірім шаруашылықтар субсидияға қол жеткізе отырып, өндіретін өнімдерінің өнімділігін арттыратын болады.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Біз құс етінен өзімізді-өзіміз қамтамасыз ете алмаймыз. Біз өзіміздің сүт өнімдерімен өзімізді-өзіміз қамтамасыз ете алмаймыз. Біз одан кейін мынау қантпенен өзімізді қаматамыз етіп отырған жоқ. Сондықтан осы салаларға субсидия көбірек бөліну керек деп өз басым есептеймін.

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу