Ресейде мигранттарға екпе салып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде мигранттарға екпе салып жатыр

01.07.2021

Ресейде мигранттарды вакциналау басталды. Осы елде нәпақасын тауып жүрген шетелдіктер бір компонентті «Спутник лайт» вакцинасын ақылы түрде ектіруі тиіс. Олай болмаған жағдайда жұмыстан шығарылады. Бізбен байланысқа Мәскеуден Индира Бегайдар шығып тұр. 

 Индира Бегайдар, тілші: 
Ресейдің 21 өңірі мен Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында вакцина салу міндетті. Өйткені жоспар бойынша осы уақытқа дейін азаматтардың 60 пайызы вакцина алуы тиіс еді, бірақ екпе салырғандар 10 пайызға әрең жетті. Сондықтан өткен аптада мейрамханаларға тек вакцина алғандар QR арқылы кіргізілсе, енді қоғамдық көлікке міну, дүкеннен азық-түлік алу үшін де QR талап етілмек. Бұл шектеулерден соң екпе алуға жазылғандардың саны 10 есе өскен. Ресейде індет жұқтырғандарға арналған емханаларда орын жоқ, ал жедел-жәрдем қызметі тіптен үлгермей жатыр. Ресейде коронавирустың мутацияға ұшыраған 16 мың түрі анықталды. Мамандар өлім-жітім көрсеткіші 5 есе өсуі мүмкін екенін айтып отыр. Өйткені жуырда ең қауіпті «Делтьа плюс» штамы тіркелді.
 Ирина Кузнецова, вирусолог: 
«Делтьа» штамынан Мәскеуде бір күнде 100-ден астам адам қайтыс болады. Бұл вирус өте тез тарайды, Уханьннан шыққан алғашқы инфекцияға қарағанда әлдеқайда қауіпті. Адамдар соңғы кезде босаңсып кетті, Мәскеуде азаматтардың 53 пайызы екпеден бас тартқан. Сондықтан ауру өрши түсті. «Спутник-V» вакцинасы алғашқы штамға қарсы жасалынды. Сондықтан соңғы, яғни мутацияға ұшыраған вирустардан толық қорғай алмайды.

Гамаеля атындағы ғылыми-зерттеу орталығының мамандары «Спутник-V» вакцинасы жаңа мутацияларға қарсы тұра алмаса, қайтадан препарат жасап шығаруға дайын екендіктерін жеткізді. Осыдан жарты жыл бұрын екпе алғандар, қайтадан вакцина салғызуы тиіс. Қыркүйекте 4 жастан бастап балаларға екпе салына бастайды. Ал екпеден бас тартқан отандық және шетелдік студенттер сабаққа қатыспайды, тек қашықтан оқиды.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу