Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

01.07.2021

Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған жұмыстардың алдын ала іріктеуден өткен тізімі түзілді. Ол алдағы уақытта БАҚ беттеріне жарияланады. Ал, бүгін мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Комиссия 16 жұмысты қарап, ғылыми-техникалық сараптама нәтижесімен танысты. Сондай-ақ, медицина-биология, жаратылыстану, ауыл шаруашылығы, гуманитарлық және техникалцық ғылымдар бойынша бес секцияның сараптамалық-талдамалық ұсыныстарын қарады.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу