Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше жер қатынастары жөніндегі заңға қол қойды. Құжат жер заңнамасын жетілдіріп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру институтын реттеуді көздейді. Қоғам өкілдері жаңа заңның нормалары арқылы жер телімін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау күшейеді деп отыр. Құжаттағы басты нормалардың бірі - ауылшаруашылық жерлерді қазақстандықтарға жеке меншікке беруге жарияланған мораторий 2026 жылдың 31-желтоқсанына дейін ұзартылды. Сонымен қатар заң жер кадастрының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Мұхтар Тайжан, қоғам қайраткері:
Ұсыныстарымызға латифунистер, олигархтар қарсы болды. Бұл жер кімнің қолында, кім жалға алып отыр, аты-жөні, заңды тұлға болса, атауы мен БИН-і ашық болады. Ол 1-қаңтардан бастап. Бұл ұсыныстарымызды түгелдей Президент өзі қолдады.
Дарын Сағитов