Шымкентте 348 педагог жалған сертификат сатып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 348 педагог жалған сертификат сатып алған

02.07.2021

Шымкентте 64 мектептің 348 мұғалімі тестілеу сынағына қатыспай, жалған сертификатты сатып алған. Олардың мұндай айласын мектептегі әріптестерінің шағымынан соң құқық қорғау орындары әшкереледі. Мұғалімдердің арызы негізінде республикалық тестілеу орталығының базасына тексеріс жүргізген қаржы полициясы педогогтардың сынаққа мүлдем қатыспағанын дәлелдеді. Енді алаяқ мамандар заңсыз иемденген 194 миллион теңгені қазынаға кері қайтаруы тиіс. Ал олардың сыбайластары сотқа тартылады.

Жанат Тәжиева, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы:
Бұл мәселе 2018 жылы орын алған. Аталған мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот процесі жүруде.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу