Елде эпидахуал күн сайын күрделеніп барады. Кеше тағы екі өңір «қызыл аймаққа» өтті. Осылайша, олардың саны 7-еу болды. Қазір Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстары қауіпті деңгейде. Ал, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстары сары аймақта. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.
Соңғы екі күнде індетке шалдыққандар саны да күрт артты. Кеше тағы 2590 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 76 адам шалдыққан. Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 27 адам қайтыс болды. Бүгінде 27 мыңнан астам адам емделіп жатыр, олардың 500-ден астамының жағдайы ауыр. Ал, екпе алғандар саны 3 млн 502 мыңнан асты.
Амангелді Сейітхан