Ресей Сирия бойынша батыстың «ұжымдық» көзқарасы өзгереді деген үмітте. Бұған Женевада өткен Ресей және АҚШ президенттерінің келіссөздері оң ықпал етуі мүмкін. Әсіресе гуманитарлық көмек пен әлеуметтік-экономикалық бағыттарда ілгерілеушілік байқалады. Бұл туралы Сирия бойынша Ресей президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев мәлімдеді. Бүгін елордада Сирия мәселелері бойынша 16-халықаралық кездесу басталды. Бұған дейінгі маңызды басқосу Сочиде ақпан айында өткен болатын. 2 күнге созылатын «астана форматындағы» кездесуге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен оппозиция мүшелері және БҰҰ өкілдері қатысады.
Александр Лаврентьев, Сирия бойынша РФ Президентінің арнайы өкілі:Сириядағы демократиялық күштер мен Дамаск арасында конструктивті диалог жасауды талқылаймыз. Қоршауда қалған Ат-Танфе ауданының жағдайы назарда болады. БҰҰ арнайы елшісі Гейр Педерсен мырзамен бірқатар мәселелерді сөз етіп, Женевадағы сириялық Конситуциялық комитеттің 6-сессиясын өткізу барысын талқылаймыз. Оны ұйымдастыру үшін барлық жағдай қарастырылған деп ойлаймыз.
Дарын Сағитов