Шымкентте газ жарылысынан күйіп қалған азамат көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте газ жарылысынан күйіп қалған азамат көз жұмды

12.06.2019

Шымкент қаласындағы газ сақтау қоймасында болған жарылыстан зардап шеккен азамат ауруханада қайтыс болды. Жасы енді ғана 20-ға толған бозабаланың өмірі үшін дәрігерлер 5 күн бойы күресті. Денесінің 98 пайызы күйіп қалған науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Жан-жақты және дұрыс ем шара жүргізу үшін санитарлық авиациямен Алматы қаласынан және Асфандияров атындағы медицина университетінен білікті дәрігерлер мен профессорлар шақыртылған. Алайда, кешенді түрде жүргізілген ем тәсілдер нәтижесіз болды. Естеріңізге сала кетсек, жұртты шошытқан жойқын жарылыс маусымның 7-і күні Шымкенттің іргесіндегі Тассай шағын ауданында болған. Газ құю стансасында тұтанған оттан 4 автоцистерна жарылып, жанып кеткен болатын.

 

Мадина Ермаханбетова, Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері:

Қайтыс болған кездегі диагнозы термоингалациялық жарақат. Науқас өкінішке қарай қай тыс болды.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

Хабарламаларға жазылу