Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралауды бастап кетті. Еліміздің әр аймағына барып, жергілікті тұрғындармен кездесетін олар, әлеуметтік жобалардың қалай іске асып жатқанына баса мән бермек. Мәселен бүгін бір топ халық қалаулысы Нұр-Сұлтандағы «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығына барды. Онда ерекше қажеттілігі бар ұл-қыздарға қандай көмек көрсетіліп жатқанын көрді. Былтыр ашылған мекемеде түрлі ауруға шалдыққан 300-ден астам бала оңалтудан өткен. Депутаттардың айтуынша елімізде медициналық көмекке мұқтаж балалар көп. Бірақ оңалту орталықтары жеткіліксіз.
Динара Закиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 94 мың бала бар. Оларды оңалту керек. Соған байланысты Елбасы бастамасымен былтыр 8 орталық ашылды. Ал 2021 жылы тағы осындай 10 оңалту орталығы ашылады.
Досжан Маратұлы