Кеше елордада бір тәулікте вирус жұқтырған 195 адам ауруханаға түсті. Дәл қазір жалпы төсек-орындардың толымдылығы 77 пайыз болса, жан сақтау бөлімдерінің 80 пайызы лық толған. Қаладағы эпиджағдай күрделі. Ауруханада орын саны шектеулі. 1877 науқас ем қабылдап жатыр. 147 адам жан сақтау бөлімінде ,оның 30ы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Мамандар аурудың лезде өршуіне адамдардың санитарлық талаптарды сақтамауы, адам көп шоғырланған орындарға баруы және екпе салдырмаудың салдары деп отыр. Бүгінде қала бойынша бірінші компонентін, 258 мың, ал толық иммундаудан өткендер саны 159 000нан асты. Ковид жұқтырған науқастардың көптігінен қалада қосымша екі орталық жұмыс істей бастады.
Айгерім Ардаққызы, Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:Елорда бойынша күрт өзгерді. Науқастардың саны артып барады. Сол себепті тағы екі стационар бейімдеуге тура келді. Оның бірі қалалық психикалық денсаулық орталығы жәнне әскери госпиталь.
Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны екі есе өсті. Соңғы тәулікте қауіпті инфекция 299 адамнан анықталды. Олардың 60 пайызында ауру белгілері бар. Сәйкесінше, ауруханаларға да науқастар көптеп түсіп жатыр. Бұған вирустың мутацияланған штамдарының тез таралуы себеп дейді дәрігерлер. Қазір инфекциялық стационарларда ем алып жатқан 256 адамның жағдайы ауыр, 850-ге жуық науқастың сырқаты орташа деңгейде. 102 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Вирус әсіресе қарт адамдарға және созылмалы ауруы бар адамдарға ауыр әсер ететіндіктен екпе салдырған жөн деп отыр мамандар. Шаһарда вакцина ектіргендер саны жарты млн-нан асты.
Раушан Сайлауқызы