Гаити президенті қастандықтан қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гаити президенті қастандықтан қаза тапты

07.07.2021

Гаити президенті Жовенель Моиз қастандықтан қаза тапты. Оның резиденциясына испанша және ағылшынша сөйлеген топ түнгі сағат 1-де басып кіріп, оқ жаудырған. Мемлекет басшысы ауыр жараланып, мерт болды. Ал, жұбайы Мартина Моизге дәрігерлік көмек көрсетіліп жатыр.

Кедейшілік пен тұрақсыздық жайлаған елдің билігі премьер-министр қызметін атқарушы Клод Жозефтің қолына уақытша өтті.

53 жастағы Моиз 2017 жылы басшылыққа келді. Оны оппозиция Гаитиде диктатура орнатпақ деп айыптаған. Марқұм болса, 2022 жылы ақпанда президенттік өкілеттігі аяқталатынын мәлімдеп, саяси қарсыластарының биліктен бір жыл бұрын кету туралы талабын орындамады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу