Қарағанды облысында азық-түлік бағасы арзандады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында азық-түлік бағасы арзандады

08.07.2021

Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар 5 түрлі азық-түлік тауарының бағасы қымбаттаған. Олар негізінен өңірде өндірілмейтін өнімдер. Айталық өткен жылмен салыстырғанда қарақұмық 300-ден 405 теңгеге, қант 158 теңгеден-284 теңгеге, ал сұйық майдың литрі екі есеге дейін қымбаттаған. Бағаға негізінен пандемия мен әлемдік нарықтағы қымбатшылық әсер етуде,-дейді мамандар. Десе де облыстың тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының қазір 313 тоннасы сақтаулы. Жақын күндері тағы 272 тонна қант сатып алынады.

Сырым Бошпанов, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары: 
Бүгінгі күнге өзіміздің Оңтүстік өңірлерден келетін тауарлардың көбейуіне байланысты бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестік пайда болып, бағаны түсуге әкеледі. Енді міне осы шілде айының екінші жартысынан бастап, 20-нан бастап біздің өз тауар өндірушілер өз өнімдерімізді шығарады.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу