Гаити полициясы президент Жовенель Моизды өлтірді деген күдікпен 4 күдікті мерт қылды. Тағы екеуі тұтқындалған. Қазір мемлекет астанасы Порте-Пренсте өзге күдіктілермен атыс жалғасып жатыр.
Белгісіз қарулы топ мемлекет басшысының жеке резиденциясына түнгі сағат 1-де басып кіріп, оқ жаудырған. Шабуылдан Гаити лидері жан тәсілім етсе, оның жұбайы Мартина Моиз жараланып, Флоридаға жіберілген. Кедейшілік, тұрақсыздық, қылмыс жайлаған елде оппозиция президенттен мерзімінен ерте отставкаға кетуді талап еткен.
Моиздің өлтірілуіне байланысты уақытша премьер-министр бей-берекетсіздікке беттеп бара жатқан Гаитиде төтенше жағдай жариялады.
Арыстан Рысбек