Батыс Қазақстанда зертханаға жіберілген 18 сынамадан үнді штамы анықталды. Өңірде ауру жұқтырғандар көбейді. Соған сай карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. 10 шілдеден бастап саябақ, тынымбақтарда скутер, самокаттарды жалға беруге тыйым салынады. Ашық алаңдағы аттракцион жұмысы тоқтатылады. Бассейн, СПА-орталықтардың жұмыс уақыты шектеледі.
Мұқамғали Арыспаев, облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері:Соңғы тәулікте 189 оқиға тіркелді. Оның 111 оқиғасы емханаға жүгінген адамдар, ЖРВИ-мен ауырғандар. Алматы қаласына зертханаға жіберген сынамалардың 80 %-нан үнді штамы анықталып отыр. Жіберілген 20 сынаманың 18-інен үнді штамы анықталды. Қазір облыста осы вирус циркуляциясы жүріп жатыр. Адамдардың тез ауру фактісі көбеюі де осыған байланысты.
Ардақ Мұратқызы