Токио Олимпиадасы көрерменсіз өтуі мүмкін. Бұл туралы жапон басылымдары жазып жатыр. Ел астанасында төтенше жағдай жарияланды. Мұндай режим Жазғы ойындар кезінде де жалғаспақ. Жаңа шектеулердің мақсаты – қайта өршіген коронавирустың тарауын шектеу.
Бұған дейін жергілікті медициналық сарапшылар Олимпиаданы бос стадиондарда өткізуді ұсынды. Олардың ойынша, бір жерге мыңдаған адамның жиналуы пандемияны тіпті күшейтуі мүмкін. Айта кетсек, Токио Одимпиадасы шілденің 23-де басталып, тамыздың 8-де аяқталуы керек.
Арыстан Рысбек