Сыр өңірінде 36 адам суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңірінде 36 адам суға батып кетті

08.07.2021

Сыр өңірінде су айдындарында қайғылы жағдайлар толастамай тұр. Аймақта жыл басынан бері 36 адам судан ажал құшты. Өкінішке орай, оның 20-сы бала.

Аптап ыстықта судан сая іздеп, шомылуға барғандардың көбісі мектеп оқушылары. Өзен-көлдерде 3 жастағы сәбиден, 10-17 жас аралығындағы оқушылардың өмірі қиылған. Бүгінде құтқарушылар рейдттік шараларды күшейтіп, жағалауларды торуылдағанымен рұқсат етілмеген жерлерде суға түсетіндер әлі көп.

Мейрамбек Доспенбетов, облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары: 
Соңғы іздестіру жұмыстары Арал ауданында Ақеспе Кіші Арал теңізінде қайықпен серуендеуге шығып, қайықтан құлап кеткен бойынша хабарлама түсті. Сол бойынша қазір жедел-құтқару жасағынан 4 құтқарушы бір техника іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Облыс тұрғындарына айтарым белгіленбеген аймаққа суға түсуге болмайды. Суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын сұраймыз.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу