Шымкентте табиғи газ тарифі 3 тиынға төмендейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте табиғи газ тарифі 3 тиынға төмендейді

08.07.2021

Шымкентте табиғи газ бағасы қымбаттамайды. Монополист мекеменің шағымын сот қанағаттандырмады. Өңірге газ тарату мекемесі бес жылға тарифті бірден екі есеге көтеру туралы ұсыныс жасаған болатын. Олардың бұл әрекетін табиғи монополияларды реттеу департаменті мақұлдамағаннан соң монополист заңға жүгінді. Алғашқы сот отырысында газ тарату мекемесі жеңіске жеткенімен, кейіннен аппеляциялық сот, одан кейін жоғары сот департаменттің талабын дұрыс деп тапты. Онымен қоса қазір қолданыстағы көгілдір отын тарифин 3 тиынға төмендету туралы шешім қабылданды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу