Павлодарлық кәсіпкерлер тұрғындарды екпе алуға ынталандыру үшін ұтысқа миллиондап ақша тігіп жатыр. Ал, соңғы күндері өңірде 30 мыңға жуық адам вакцина салдырған. Бұл бір апта бұрынғы мәліметпен салыстырғанда 4 есеге көп. Айта кету керек, үш күн бұрын жергілікті рестораторлардың бірі екпе алғандар арасында ұтыс өткізіп, Павлодар қаласының тұрғыны 1 млн теңге ұтып алған болатын. Бұл бастаманы басқа да кәсіпкерлер іліп әкетті. Қазір вакцина салдыратын пункттерге купон жинайтын қорапшалар орнатылды.
Еркебұлан Күнтуған, еріктілер фронт-офисінің менеджері:
Бұны бірнеше кәсіпкер қолдап отыр. Және олардың басты жүлдеге тігіп отырғаны 1 млн және 500 мың теңге. Бұл акция бүкіл қалалық аурухана мен емханаларда бар.
Болат Аманбаев