Ақтөбе облысының аудан орталықтарында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Тек Алға қаласының өзінде үш жарым мың шаршы метр баспана салу көзделген.
Жол картасы аясында биыл 60 пәтерлі , жалға берілетін үш коммуналды үй салынады. Мердігер алғашқы нысанды қыркүйек айына дейін аяқтамақ. Ал, сәуір айында басталған екінші үйдің құрылысы жыл соңынадейін бітуі тиіс. Бұл баспаналарға 120 отбасы қоныстанады. Аудан орталығына арнайы келген Мәжілісінің депутаттары Жол картасы аясында облысқа 5,6 млрд теңге қаржы бөлінгенін айтты.
Аманғали Бердалин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Уақытында осы құрылыстарды аяқтау мәселесіне мән беріп жүрміз. Соңғы проблеманың бірі құрылысшылар көтерген, бүгінгі таңда материалдардың қымбаттауына байланысты. Бұл мәселе жөнінде партия жанындағы қоғамдық кеңес Нұр-Сұлтан қаласында жақында өткен болатын. Бұл мәселені көтердік. Министр бір шешімін тауып, бір мәселені қарастырамыз.
Жақсыбек Кемал