Токиода бүгіннен бастап төтенше жағдай күшіне енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Токиода бүгіннен бастап төтенше жағдай күшіне енді

12.07.2021

Жапония астанасында дүйсенбіден бастап төтенше жағдай тәртібі енгізілді.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына орай күшіне енген шектеу тамыздың 22-не дейін әрекет етеді. Демек, Олимпиада ойындары өтетін күндерді де қамтиды. Токиодағы мейрамханалардың жұмыс уақыты қысқарып, алкоголь ішімдіктерін сату шектелді.

Айта кетсек, ел астанасында төтенше жағдай тәртібі коронавирус пандемиясы басталғалы осымен төртінші мәрте жарияланып отыр. Бұған қоса, карантин елдің Сайтама, Тиба, Канагава және Осака префектураларында да күшейтілген.

Ал, Куба астанасы Гавана мен елдің бірнеше қаласында мыңдаған адам коронавирус инфекциясына қатысты шектеу шараларына қарсы шерулетті. Наразы тұрғындар ел билігінен пандемияға қарсы күресте батыл шешімдерді қабылдауды, вакциналау қарқынын күшейтуді талап еткен.

Бұл шеру - Кубада үкіметке қарсы соңғы 30 жылдағы ең ауқымды наразылық акциясы. Шара кезінде тәртіпсіздіктер болып, бірнеше адам ұсталған.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу