Қостанай облысындағы «Қайрақ» шекара бекетінде алтын құймаларды Ресейге жасырын алып өтпек болған әйел ұсталды. Бағалы металл жасырылған қол жүгі «Рапискан» рентген-телевизиялық аппаратымен тексеру кезінде табылған. Дөңгелек пішіндегі 7 құйманың жалпы салмағы 325 грамм. Әйел өзінің бұл алтын құймалар туралы білмегенін айтқан. Әлдебір танысы ораулы затты Ресейге жеткізуді өтінген көрінеді. Сонымен қатар «Майя» есімді иісшіл иттің көмегімен тағы бір жолаушыдан 15 грамм есірткі заты табылды. Қазір осы екі іс бойынша тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр.
Дәуренбек Әбдібек