Ауған арнайы күштері Қандағарда тәліптермен күресіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауған арнайы күштері Қандағарда тәліптермен күресіп жатыр

12.07.2021

Ауғанның арнайы күштері Қандағар провинциясына тәліптерге қарсы күреске аттанды. Бұған дейін «Талибан» жасақтары ауған қауіпсіздік күштері мен жергілікті полицияға зеңбіректен оқ атып, ауданды басып алуға тырысқан. Арнайы күштердің міндеті - сол қарулы шайқас болған аудандарды радикалдардан тазарту.

Айта кетсек, АҚШ пен НАТО әскері елден кеткен соң тәліптер шабуылды үдете түсті. «Нью-Йорк Таймс»-тың мәліметіне сай, Ауғанстандағы 400 ауданның 160-сы – «Талибан» қозғалысының бақылауында. Қарулы қақтығыстан қарапайым халық зардап шегіп отыр. «Рейтер» агенттігінің мәліметінше, 12 мыңнан астам отбасы Құндыз провинциясынан басқа жерге қоныс аударған. Қазір үкіметтік күштер мен тәліптер провинцияның әкімшілік орталығы Құндыз қаласы үшін күресіп жатыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу