Қарағанды облысының Қаражал қаласында Covid-19 қарсы вакцина алған тұрғындар арасында ұтыс ойыны өткізілуде. Акцияның басты мақсаты - індетпен күресу, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін тұрғындарды ынталандыру. Ұтыс шарты да қарапайым. Әр тұрғын вакцина алғаны жөнінде төлқұжатты жергілікті мәдени сауықтыру орталығына тіркейді. Кейін ол тіркеу қағазы лотерея жәшігіне салынып, арасынан таңдалып алынады. Ойынның әділ өтуін арнайы коммисия бақылауда ұстайды. Ұйымдастырушылар, шараны апта сайын өткізеді. Алғашқы ұтыс ойынға қатысуға 150 адам өтініш білдірген екен. Жеңімпаздарға тұрмыстық техникалар, бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табысталды. Акцияға компаниялар мен қалталы азаматтар демеушілік көрсетуде. Жалпы Қаражал қаласында 5231 адам екпенің бірінші компонентін, ал 2085 тұрғын екінші компонентін алған.
Мейрамгүл Базылова, Қаражал қаласының тұрғыны:
Лотерея ойнайтынымды көршім, әріптесім айтты. Осы жерге келіп тіркелдік. Басында нанған жоқпын. Одан кейін, міне, келіп осы жерде қуанышқа бөленіп жатырмын.
Руслан Нұрланұлы