Коронавирус мутацияға өте жиі ұшырайтын індет түріне жатады. Әрбір жаңа мутация вирустың күшейгенінің белгісі болып саналады. Бұл жағдайда індет адамға тез жұғады, аурудың ағымы да өзгереді. Осылай деген мамандар вирустың кез келген түріне вакцина ғана төтеп бере алатын айтты.
Рафаиль Қыпшақбаев, ҚДСЖМ эпидемиология және дәлелді медицина кафедрасының доценті
Қауіпті инфекциямен күресудің жалғыз жолы – вакцинация. Оның пайдасы әлдеқашан дәлелденген. Екпе алғанда аздаған асқынулар болуы мүмкін. Бірақ адамның өміріне ешқандай қауіптілігі жоқ. Ал кері пікір айтатындардың барлығы бала күнінде вакцина алған. Сондықтан, көпшілікті тек мамандарға сенуге шақырамын.