Таразда ковид жұқтыру көрсеткіші өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда ковид жұқтыру көрсеткіші өскен

14.07.2021

Жамбыл облысында ковидке қарсы екпені алу көрсеткіші 41 пайызға жетті. Өңір басшысы қыркүйек айына дейін 582 мың адам вакцина алуы тиіс деп отыр. Ол үшін мемлекеттік қызметкерлер мен ірі еңбек ұжымдары 100% пайыз екпе алуы қажет. Сондай-ақ, тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыру да басты назарда. Өйткені , аймақта соңғы аптада 300-ден астам адам коронавирус жұқтырған. Таразда жағдай тіптен қиын. Қазір қалада үш адамнан үнді штамы анықталып, індет қаупі өршіп тұр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Біздің Жамбыл облысы қазіргі таңда сары аймақта. Сонымен қатар, сары аймақта – Мойынқұм, Шу, Тараз қаласы бар. Қалған аудандардың бәрі қазір жасыл аймақта. Енді апталық өсімге келіп тоқтайтын болсақ, өткен аптамен салыстырғанда 3,9%-ға өсім байқалады.

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу