Қызылордада 17 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасынан уақытша шеттетілді. Себебі, тұрғындардың коронавирус індетіне қатысты мәртебесін анықтайтын бағдарлама бола тұра, оны мүлдем қолданбаған. Жалпы тексеру платформасы бар кәсіп иелерінің жұмысына шектеу жоқ. Сондықтан, облыс аумағында 300 жуық бизнес өкілі өз ғимаратында «Ashyq» жобасын пайдалануға тиісті рұқсат алған. Дегенмен, індеттің таралуын тежеуге септігін тигізетін бағдарламаны барлығы бірдей іске асырмай отыр. Мамандар талапты орындамағандарға енді қатаң шаралар қабылданатын болады дейді.
Гүлнұр Құрмантаева, облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:
Мысалы, кейбір нысандар кодты алып мүлдем тіркеу жүргізбеген. Мыұндай нысандар жобадан екі аптаға шеттетіледі. Қайтадан өздерінің өтініштерін беру арқылы қосылуы мүмкін. Қайталанатын болса 2 айға шеттетіледі.
Әділбек Серікұлы