Бұрынғы денсаулық сақату министрі Елжан Біртановтың үйқамақта отыру мерзімі тағы екі айға ұзартылуы мүмкін. КСМ: Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған тергеу соты бұлтартпау шарасын 14-қыркүйекке дейін созды. Прокурордың сөзінше, бұл уақыт қылмыстық істің материалдарымен танысуға қажет.
Сондай-ақ, ол Біртановтың сот белгілеген шектеулерді бірнеше рет бұзғанын мемлекетке 1,5 млрд теңге залал келтіргенін атап өтті. Еске салайық, 7-шілдеде Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған.
Амангелді Сейітхан