Денсаулық сақтау министрлігі Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендер туралы ақпарат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау министрлігі Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендер туралы ақпарат берді

24.06.2019

Арыстағы жарылыс кезінде денесіне снаряд қалдықтары тиіп шұғыл ауруханаға жеткізілген екі адамның денсаулық жағдайы қалыпты. Дәрігерлер дер кезінде ем-дом жасап үлгерген. Бұл туралы санаулы уақыт бұрын Шұғыл медициналық көмекті үйлестіру Ұлттық орталығының директоры Біржан Оспанов мәлімдеді. Сондай-ақ, ол Арыстағы жарылыстан шапа шеккендерге көмек көрсету бойынша атқарылып жұмыстар жөнінде мәлімет берді.

 

Біржан Оспанов, Шұғыл медициналық көмекті үйлестіру орталығының директоры:

 

Қазіргі уақытта  40-тан астам жедел- жәрдем жұмыс істеп жатыр. 2 ұшақ дайын тұр. Шымкенттегі, Ордабасыдағы ауруханаларға 48 адам жеткізілді. Оның 15-і ем қабылдауға жатқызылды. 2 баланы облыстық балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында. Снаряд қалдықтары тиген екі науқастық ахуалы қалыпты. Өңірдегі медициналық мекемелер науқастарды қабылдауға тас-түйін дайын.   

 

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу