Халықтың 70 пайызы екпе салдырғанда маскасыз режимге көшуіміз мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың 70 пайызы екпе салдырғанда маскасыз режимге көшуіміз мүмкін

15.07.2021

Елдегі вакцина алуға тиісті адамдардың 70 пайызы екпе салдырғанда маскасыз режимге көшуіміз мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Яғни, сол кезде ғана қоғамдық иммунитет қалыптасады. Жалпы, елімізде екпе алуы тиіс 10 млн адам бар. Қазір олардың 46 пайызы вакцинаның 1-ші дозасын, 25 пайызы 2-ші дозасын салдырған. Министрліктің болжамынша, қыркүйекке дейін елдің 70 пайызы екпе алуы тиіс. Ол үшін қорда вакцина жеткілікті. Қазір 4 түрі бар. Жуырда АҚШ-та жасалған файзер екпесін әкелу бойынша да келіссөздер жүріп жатыр.

Ержан Байтана, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:
Көптеген мемлекеттерде вакцина жеткіліксіз. Біздің Қазақстанда таңдау үлкен. Бірақ соңғы уақытта бізде вакцинаға қарсы бір күштер бар, халықты соған шақырып, фейк ақпараттар таратып, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратып жүр. Ол мәліметтерді біз дәлелдеп, ақпараттарды таратып, күресіп жатырмыз.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу