Коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы – екпе алу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустан қорғанудың жалғыз жолы – екпе алу

15.07.2021

Осыған дейін коронавирус балалар арасында жеңіл өткен болса, енді, оның жаңа белгілері пайда болған. Ковид жұқтырғандардың көбісінен іштің өтуі, яғни диарея анықталып отыр. Сондай-ақ, басқа да, бас ауруы немесе айналуы, құсу сияқты алғашқы белгілер ересектер мен жастарда, тіпті жаңа туылған нәрестелерде де бірдей көрініп жатыр. Сонымен қатар, осыған дейін COVID-19 вирусынан емдеуге 10-12 күн жеткілікті болатын болса, қазір ол процесі 21 күнге дейін созылған. Себебі, аурудың агрессивті белгілері көп. Ол, әсіресе, қосымша қант диабетімен ауыратын, семіздікке, қан тамырлары ауруларына шалдыққан, аутоиммунды белгілері бар адамдар үшін ауыр тиюде. Тіпті өлім қауіпі бар. Сол себепті де, дерттің алдын алудың маңызы зор екенін алға тартады мамандар.

Сабира Досанбаева, терапевт:
Әрбір адам өзінің денсаулығын күтіп, уақытылы тамақтанып,стресске бой бермей, зиянды заттарға жол бермесе аурудың алдын алуға болады. Және де басты айта кететін жағдай, аурудың алдын алатын нағыз спецификалық мәселе – бұл вакцинаци» болып табылады.

Мөлдір Әбдіраймова

Хабарламаларға жазылу