Жастар есірткі таратқаны үшін сотталып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар есірткі таратқаны үшін сотталып жатыр

15.07.2021

Жастар арасында есірткі қылмысы кеңінен таралып барады. Мысалы, соңғы жарты жылда тек Шығыс Қазақстан облысында психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты 19-22 жас аралығындағы 20 адам ұсталды. Полицейлер олардан жалпы салмағы 10 килограммнан астам синтетикалық есірткі тәркілеген. Интернет арқылы сатылатын есірткіні белгіленген жерге тығып кету - жастар үшін ақшаны жеңіл жолмен табу көзіне айналды. Бірақ, негізінен ең көп ұсталатын да осы курерьлер. Көбі бұл әрекеттері үшін 10-15 жылға сотталатынын білмейді дейді тәртіп сақшылары. Жеңіл жолмен ақша табу үшін Өскеменге өзге өңірлерден де келгендер бар. Олар ата-анасына осы жаққа жұмысқа орналасқанын айтып кеткен. Оңай олжаға кенелемін деп, опық жейтіндердің арасында студентер де бар.

Руслан Кошкинчинов, облыстық Полиция департаменті басқарма басшысының міндетін атқарушы:
Мысалы, 2001 жылы туған Алтай ауданының тұрғыны Өскемен қаласында синтетикалық есірткі таратқаны үшін ұсталды. Ол студент болған және ата аналары оны Өскемен қаласында оқуда жүр деп ойлаған. Қазіргі таңда сот шешімімен бойжеткен 15 жылға сотталды.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу