Алматыда құдықтарға темір тор орнатылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда құдықтарға темір тор орнатылып жатыр

15.07.2021

Алматыда жыл басынан бері 20-ға жуық су және кәріз құдығының қақпағы ұрланған. Салдарынан жаяу жүргіншілердің өміріне түрлі қауіп төнген. Осыған орай қаладағы 150 мыңға тарта құдықтың 110 мыңына жауапты «Алматы су» мекемесі оған арнайы темір торлар орнатып жатыр. Бүгінге дейін 7 мыңға жуығы бекітілген. Ал жоғалған шойын темірлердің кейбірі металл қабылдайтын орындар мен базарлардан табылады. Сондықтан ұрлықшылар мен қақпақтарды сатып алып жатқандарға қатаң жаза қолдану керек дейді мамандар.

Сондай-ақ, аталған мекеме мегаполиске кейіннен қосылған шағын аудандарды ауыз су және кәріз жүйесімен толық қамтып, ескі құбырларды ауыстыру жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын жеткізді. Қазір желілер Наурызбай, Алатау, Түрксіб және Медеу аудандарында салынып жатыр.

Ақбота Жылысова, «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ресми өкілі:
Осы жылғы жоспар бойынша 177 шақырым су желілері және 77 шақырым кәріз желілерін салу жоспарлануда. Он мыңдаған халықты әр ауданнан суық сумен және кәріз желілерімен қамтамасыз етедіЖәне де осындай уақытша ыңғайсыздықтар туындағаны үшін біз кешірім сұраймыз халықтан.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу