Хасан Роухани: Иран уранды 90 пайызға дейін байытуға қабілетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Хасан Роухани: Иран уранды 90 пайызға дейін байытуға қабілетті

15.07.2021

Иранның уранды, қажет болса, 90 пайызға дейін байытуға қауқары жетеді. Ел президенті Хасан Роухани осылай деп мәлімдеді. Бұған қоса, мемлекет басшысының сөзінше, Тегеран Арактағы ауыр су реакторынан бас тартпайды. Өткен айда Иран үкіметі республикада 108 келі уран 20 пайызға дейін байытылғанын мәлімдеген еді. Бұл 2020 жылы уранды байыту қарқынын арттыру туралы заң аясында іске асырылып отыр. Айта кетері - Венада сәуір айынан бастап Иран мен халықаралық «бестік» ядролық келісімді жандандыру мақсатында бетпе-бет келіссөздер өткізіп жатыр. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу