Қырым федералды университетінің ғалымдары электронды темекіден немесе вейптардан шығатын бу өкпе тінін бұзатынын дәлелдеді. Тіпті никотин қосылмаған құрылғының өзі де адам ағзасына аса зиян. Егеуқұйрыққа жүргізілген эксперимент нәтижесінде Вейп сұйықтығы құйылған жануардың өкпесі 40 күннен кейін іри бастаған. Бұл дәлел шылым шегушілер арасында кең тараған «электронды темекінің зияны аз» деген пікірді жоққа шығарады. Жалпы никотиннің адам өміріне қаупі туралы апаратты тарату ешқашан тоқтаған емес. Алайда, одан темекі шегушілер саны тек көбеймесе, азаймай отыр. Сәйкесінше, электронды темекі шығарартындардың дәуірі жүріп тұр. Себебі 2005 жылы әлемде тек 1 ғана зауыт болса, бүгінде олардың саны 460-тан асқан.
Жанар Калмакова, Қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының басшысы:
Қазақстанда соңғы ГАТС зерттеуі 2019 жылы жүргізілген. Соның нәтижесі бойынша 2014 жылы салыстырғанда темекіні қолдану халлық арасында 1-ақ пайызға төмендеген және айтып кететін бір жағдай, бұл ер азаматтар арасында темекі қолдану азайған, керісінше әйелдер және жасөспірімдер арасында темекі қолдану көбейген.
Электронды темекіге құмарлықты арттыратын да, оған тәуелді ететін де сол – оның құрамындағы улы заттың тәтті болуы дейді мамандар. Ол әсіресе, генетикасында өкпе қабынуы бар адамдар үшін өте қауіпті. Ал, наркологтар, жаман әдеттің бірі темекі шегуден арылу үшін, оның электронды түріне өту көмектеспейтінін алға тартады.
Мөлдір Әбдірайым