«Шымбұлақ» тау-шаңғысы курорты Алматы аумағына өтуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шымбұлақ» тау-шаңғысы курорты Алматы аумағына өтуі мүмкін

21.07.2021

«Шымбұлақ» тау-шаңғысы курорты Алматы аумағына өтуі мүмкін. Қала əкімі Бақытжан Сағынтаев Премьер-министр Асқар Маминнен демалыс орнын ерекше қорғалатын табиғат тізімінен шығарып, шаһардың туризмін дамыту үшін қосалқы жер ретінде беруді сұраған. Сонымен қатар, Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі жанынан құрылатын комиссияның қарауына енгізуді де айтты. Қазір аумақ жекеменшік компанияға тиесілі. 2007 жылы арнайы қаулы бойынша 49 жылға жалға берілген. Осы мəселені Іле Алатауы ұлттық паркінің талабы бойынша мамандандырылған ауданаралық сот азаматтық істі қарауды бастап кетті.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу