Құзырлы орган басшылары баспасөз жиынын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құзырлы орган басшылары баспасөз жиынын өткізді

25.06.2019

Айтуларынша, Арыс қаласында әскери қоймадағы жарылыс әлі тоқтаған жоқ. Ал тұрғын үйге жайылған өрт ауыздықталған. 7600 үйдің 80-85 пайызына зақым келген. Шатыры, терезелері қинаған.

Құзырлы органдар тұрғындарға әзірге үйлеріне баруға болмайтынын айтты.

Себебі көшеде жарылмаған снарядтар болуы мүмкін. Саперлар бір көшенің өзінен он шақты снаряд тапқан. Сондай ақ, жоғары, кернеулі электр желілері үзілген. С ондықтан қауіптің беті қайтқанша арыс тұрғындарына әлі де сабыр сақтаған жөн.

Қазір Ордабасы, Отырар, Созақ, Қазығұрт, Келес аудандары, Түркістан мен Шымкент қаласындағы 20 шақты эвакуациялық бекеттерге орналастырылғандардың тізімі, аты жөні белгілі болды. Бас-аяғы 3566 адам. Оның 600- ден астамы бала. Туыстарына паналауға кеткендер де осы пунктерге келуіне болады, - деді өңір басшысы.

Барлық әлеуметтік нысандарына зақым келген. Енді үкіметтік комиссия келіп шығын көлемін есептейтін болады. Шымкентте азық, түлік, әсіресе құрылыс материалдары қажет болады. Шымкент қаласында арнайы гуманитарлық көмек кабылдайтын орталық ашылады.

Айта кетейік, қазір арыстықтарға қаржылай көмек үшін әлеуметтік есеп шот ашылған.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу