Алматыда соңғы аптада вирус жұқтырғандар саны төрт есеге көбейді. Осыған байланысты қатаң карантиндік шектеу енгізілмек. Бұл туралы коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі қалалық штабтың шұғыл отырысында айтылды.
Тәулігіне вирус жұқтырған 400-ден астам науқас ауруханаларға түсіп жатыр. Бұл емделіп шыққандар санынан екі есе көп. Жансақтау бөлімінде 228 адам жатыр. Ауруханалардың 50 пайызы науқастарға толы. Сондықтан қосалқы қордағы орын санын көбейту туралы шешім қабылданды. Жауаптылар қала тұрғындары мен қонақтарына маска режимін бұзбауды, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жиналатын орындарға бармауды ескертті. Ең маңыздысы, вакцина алуды кейінге қалдырмау. Себебі екпе -инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы. Бүгінде шаһар бойынша 665 мың адам бірінші компонентін алды. Қалада 212 вакцина салу пункті жұмыс істейді
Қуан Нұрақын