Индонезияда соңғы бір айда коронавирустан жүздеген бала көз жұмды. «Нью-Йорк Таймс» газетінің мәліметінше, марқұм болған бүлдіршіндердің көбі 5 жасқа толмаған. Елде коронавирустан қайтыс болғандардың 12,5 пайызы - балалар. Сәбилер арасында өлім-жітімнің көбеюіне «дельта» штамының өршуі себеп. Соңғы мәліметтерге сай, бір тәулікте Индонезияда 50 мыңдай адам ковид жұқтырып, мың жарымнан астам тұрғын қаза тапқан.