Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік жан жақты дамып келеді. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин мен Өзбекстанның көлік министрі Илхом Махкамовтың кездесуі барысында айтылды. Биылғы 5 айда екі ел арасындағы тауар айналымы 46%-ға өскен. Қазақстанның экспорт көлемі 58,4%-ға ұлғайды. Тараптар 29 шілдеден бастап аптасына 2 рет Ақтөбе-Нөкіс бағытында жаңа әуе қатынасын ашуға келісті. Сондай-ақ, Дарбаза-Мақтаарал теміржол желісі мен Түркістан-Шымкент-Ташкент жоғары жылдамдықты магистралін салу жайын талқылады.
Дарын Сағитов