Кәсіподақтар федерациясы ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіподақтар федерациясы ең төменгі жалақы мөлшерін арттыруды ұсынды

27.07.2021

Ең төменгі жалақы мөлшерін кезең-кезеңімен өсіру қажет. Кәсіодақтар федерациясы осындай ұсыныс жасап отыр. Еңбекақы төлеу жүйесіндегі сын-қатерлер мен жетілдіру тақырыбына арналған дөңгелек үстелде Еуропа елдерінде жалақыны белгілеудің озық тәжірибесі таныстырылды. Түрлі саладағы еңбекақы деңгейіне жасалған тәуелсіз талдаулар сараланды. Қатысушылардың пікірінше, қазір елімізде концептуалды еңбекақы жүйесі жоқ. Әсіресе, бюджеттік салаларда олқылық көп. Бұған қоса ең төменгі жалақы озық елдермен салыстырғанда анағұрлым аз. Қазір Қазақстанда оның мөлшері 42 500 теңге.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:
Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымы бар. Дамыған елдерде қалыптасқан жағдай, ол – сол мемлекет, ел бойынша бекітілген орта жалақының 50 пайызынан төмен болмауы керек.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Негізгі бағытымыз – әлеуметтік әріптестікті дамыту мен ұжымдық келісмшарттың құқықтық мәртебесін күшейту. Үшжақты құжат аясында жалақының тиімді моделі жасалады. Қазір бюджеттік және коммерциялық ұйымдарда еңбекақы мөлшерінде айырмашылық көп. Бұл бағытта да жұмыстар жүргізетін боламыз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу