Елдегі эпидахуал күн өткен сайын күрделеніп барады. Коронавирустың таралуын бағалау матрицасы 3 күннен бері өзгеріссіз. Яғни, қазір «жасыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ. «Сары» аймақта Түркістан облысы ғана тұр. Қалған өңірлердің бәрі қауіпті деңгейде.
Індеттен қайтыс болғандар саны да азаяр емес. Кеше коронавирус пен пневмониядан 92 науқас көз жұмған. Одан бөлек 6925 адамның вирус жұқтырғаны анықталды. Вирустық белгілері бар пневмонияға 324 адам шалдыққан. Қазір 90 мыңға жуық тұрғын ем алып жатыр, 1500-і ауыр жағдайда. Инфекцияға қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар 5 млн 230 мыңнан асты.