Олимпиада өтіп жатқан Токиода танымал жапон әншілері біздің музыканттармен бірігіп қазақ әндерін шырқады.
Екі елдің өнерпаздары қосылып айтқан «Көзіңнің мөлдірін-ай» әні YouTube желісіне жүктелген. Бейнероликте екі елдің көркем табиғаты мен көне дәстүрлері көрсетіледі. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының артістері мен жапон өнерпаздары екі халықтың ұлттық аспаптарын пайдаланған. Композицияның мақсаты - халықтар арасындағы байланысты нығайту.
Амангелді Сейітхан