Талдықорғанда мониторингтік топ мүшелері парамен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда мониторингтік топ мүшелері парамен ұсталды

30.07.2021

Алматы облысында кәсіпкерлік бөлімінің лауазымды тұлғалары ұсталды. Талдықорған қаласы бойынша мониторингтік топ мүшелері пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлап отыр. Департаменттің мәліметінше, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, мейрамханалар мен сауда өкілдерінен жүйелі түрде ақша алып келген. Кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік шара қабылдамау құны 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін бағаланған.

Эльвира Омарханова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің анықтау және жолын кесу қызметінің басқарма басшысы:
Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, қала мейрамханаларының 5 әкімшісі де лауазымды тұлғаларға пара ұсынғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Тергеу жалғасуда. Тергеу талаптарына сай басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.


Хабарламаларға жазылу