Әлеуметтік желіде Қазақстан мен Қырғыз шекарасында жүздеген жүк көліктерінің бекеттен өте алмай тұрғаны туралы ақпарат тарады. Ұзын-сонар кезекті видеоға түсіргендер мәселенің Қазақстанға тиесілі өткізу пунктіндегі жүйе жұмыс істемеу салдарынан дейді. Осыған байланысты, қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті ресми жауап берді. Олардың хабарлауынша қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде және жүйе еш ақаусыз жұмыс істеп тұр. Орта есеппен бір тәулік ішінде Қазақстан аумағына Қырғызстаннан 300-350 автокөлік өтеді.
Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:
2021 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша Қырғыз Республикасы тарапынан «Қарасу» өткізу пунктіндегі жүк автокөлік құралдарының саны 50-80 бірліктен аспайды. Бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің пісетін маусымымен тұспа-тұс келуіне ескере отырып, көрсетілген өткізу пункті үшін штаттық жағдай деболып табылады.
Ғабит Бөкенбай