Алматыда қоғамдық көлікте маска тақпағандар жазаланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қоғамдық көлікте маска тақпағандар жазаланып жатыр

02.08.2021

Алматыда қоғамдық көлікке бетпердесіз мінген жолаушылар жазаланып жатыр. Демалыс күндері автобус пен троллейбус жүргізушілерінің және жолаушылардың маска режимін сақтауы тексерілді. Рейд кезінде ереже бұзған 23 дерек тіркелді. Мониторингтік топ мамандарының айтуынша, жұмыс уақытында көлік жүргізушілері бетперде тағып және жолаушыларға да ескертіп отыруға міндетті. Маска режимін сақтамағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 87500 теңге айыппұл төлейді.

Хабарламаларға жазылу