Коронавирустың «Дельта» штамынан әлемге төнген қауіп күшейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирустың «Дельта» штамынан әлемге төнген қауіп күшейіп келеді

02.08.2021

Әлемде коронавируспен күрес өзгеріп, қатаңдатылып жатыр. Бұған бүгінде дүниежүзінде ең қауіпті вирус атанған үндістандық дельта вариантының 130-дан астам елге тарауы себепші. Бұл штаммды тіпті екпе салдырғандар да жұқтыратыны белгілі болып отыр. Соған қарамастан, АҚШ пен Еуропада міндетті вакциналау науқаны күшейіп келеді. Өйткені, вакциналар коронавирустың ең ауыр түрімен соғыста бәрібір тиімді болып тұр. Тақырыпты Арыстан Рысбек жалғастырады.

АҚШ-та коронавирусқа қарсы соғыс өзгерді. Мұны елдің Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы жариялап отыр. Пандемиямен күрестің қайта күшеюіне ковидтің үндістандық дельта вариантының кең тарауы себепші. Осы ұйымның ішкі құжаттарында айтылғандай, бұл штамм тұмаудан да тез жұғып, науқастың хәлін мейлінше нашарлатып, тіпті вакциналанған адамдарға да беріледі екен. Және де одан екпе салдырмағандар 10 көп ауырып, жан тәсілім ететіні белгілі де болып отыр.

Cондықтан, Құрама Штаттарда вакцина алуға міндеттеуге мен маскаға тағуға жаппай қайта оралуға кеңес беріліп отыр.

Карин Жан-Пьер, Ақ үй баспасөз хатшысының орынбасары:
Бізге вакциналанған адамдардың көбейгені керек. Жауап осы. Егер бұл вариантты тоқтатқымыз келсе және оның мутацияланғанын қаламасақ, екпе салдыруға тиіспіз.

Қысқасы, дельтаны вакциналанған адамдар жұқтырып қана қоймай, оны өзгеге де тарататынын мәлім болып отыр. Ал, әлемнің халық көп екпе салдырмаған елдерінде бұл варианттан қайтыс болғандар мен госпитальге түскендер көбейіп барады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың мәлімдеуінше, коронавирустың жаңа түрлері бұған дейін пандемиямен күресте қол жеткен жетістіктерді зая кетіре бастады.

Тедрос Адханом Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы:
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19-дың алғаш пайда болғаннан бері өзгеріп жатқанын ескертеді. Бүгінде оның төрт варианты бар. Олар әрі қарай да көбеюі мүмкін. Бұған әлеуметтік қарым-қатынастың қайта күшеюі, екпелердің әділ бөлінбеуі себепші. Ал, бұған дейін қол жеткізілген жетістіктерімізге қауіп төніп, олар зая кетіп, әлемнің денсаулық сақтау жүйелеріне тағы да салмақ түсіп жатыр.

Дегенмен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өзге бір дерегінше, вакциналар аурудың асқынуы мен өлім-жітімнен қорғау жолында бәрібір тиімді.

Ал, «Вашингтон пост» газетінің хабарлауынша, Еуропа өз халқын вакциналауда АҚШ-ты қуып жетіп, алға шығу үшін екпе салуды міндеттеуге көшіп жатыр. Америкалық басылымның дерегінше, «Қарт құрлық» та Құрама Штаттар тәрізді тұрғындарының 50 пайызын иньекциялап, 60 пайызын кемінде 1 дозамен иммундап үлгерген.))

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу