Жамбылдықтар Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдықтар Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр

25.06.2019

Қалада 4 жерде арнайы қабылдау бекеттері ашылып жұмыс істеп тұр. Дәл қазір Тараз қаласынан азық-түлік, тұрмыстық жағдайға керек-жарақ заттар тиелген бірнеше жүк көліктері жолға шықты. Бізбен тікелей байланысқа өңірдегі тілшіміз Сәбит Әлдебай.

Арыстағы болған жағдайға әулиеаталық жұртшылық та қарап қалып жатқан жоқ. Өңірде жан-жақты көмек көрсету шаралары жүргізіліп жатыр. Тараз қаласының өзінде қабылдау бекеттері ашылып, жұрт азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсек сияқты тұрмысқа қажетті заттарды әкеліп өткізді. Жалпы қазіргі уақытқа дейін 200 тоннаға жуық азық-түлік дайындалды. Сонымен қатар жарылыс кезінде зақымданған тұрғын үйлерді қалыпқа келтіруге 60 тонна құрылыс материалдары да жөнелтілді. Бұл жүк көліктерінде 10 тонна ұн, 10 тонна қант, 18 мың дана жұмыртқа, 1,5 тонна тауық еті, 1 тонна сүт өнімдері тиелген. Бұдан бөлек медициналық қызмет көрсету үшін облыстан 4 реанимобиль Арыс қаласына аттанғанын айтқан болатынбыз.

Міне, әзірге қолдағы ақпар осындай. Жалпы республикалық «Арыс. Біз біргеміз» акциясы аясында әлеуметтік жәрдем беру шаралары жалғасады. Осы орайда жамбылдықтар Арыс жұртымен бірге екенін жеткізгім келеді. Шерхан менде әзірге осы.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу