АҚШ-та әскерилерді вакцина алуға міндеттеу мәселесі қарастырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та әскерилерді вакцина алуға міндеттеу мәселесі қарастырылып жатыр

04.08.2021

Нью-Йорк клиенттерден вакцина алғанын дәлелдейтін құжат талап етуді жоспарлап отырған бірінші америкалық ірі қалаға айналды.

Алып мегаполисте ресторандар, спортзалдар және өзге де бизнес нысандары қыркүйектің 13-нен бастап тұтынушылар мен қызметкерлерден кемінде бір мәрте екпе салдыруды талап етпек.

Айта кетсек, АҚШ-тың федералдық үкіметі мен бірнеше штат және университеттер мен госпитальдер қазірдің өзінде коронавирусқа қарсы иммундалуды міндетке айналдырып отыр. Сонымен қатар, елдің қорғаныс министрлігі де офицерлер мен жауынгерлерден екпе салдыруды алдағы бірнеше күнде талап етпек. Бұны бүгін "Рейтер" агенттігі хабарлап отыр.

Құрама Штаттардың вакцинаны міндеттеуге көшуіне ковидтің аса қауіпті «дельта» штамының елге кең тарай бастауы себепші.

Тез жұғатын бұл инфекция Қытайда коронавирус алғаш анықталған Ухань қаласында да анықталды. Сондықтан, мұндағы 11 миллион халық түгелдей тесттен өткізіліп жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу